Гватемалада үш күндік аза тұту жарияланды

Гватемалада автобус апатынан 15 адам опат болды.

Оның бірі – кәмелетке толмаған бала. Жарақат алған тағы 19 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Автобус жолдан шығып кетіп, тереңдігі 70 метрден асатын сайға құлаған көрінеді. Гватемала Президенті қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, елде үшкүндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды.