Өзбекстанда заңсыз салынған баспана көбейді

Өзбекстанда 2019 жылдан бері заңсыз салынған тұрғын үйдегі пәтерлер саны 38 мыңа жетті. Елдің құрылыс министрінің мәліметінше компаниялар еш рұқсатсыз, әрі сапасыз материалдардан үй тұрғызған. 

Қазір заңсыз сатылған нысандар бойынша арнайы комиссия құрылып, мән жайды анықтап жатыр. Көпшілігінде қазір адамдар тұрып жатыр. Олар қып қызыл ақшаға сатып алған. Дейтұрғанмен тұрғын үйлердің рұқсат құжаттары жоқ. Мәселе парламент деңгейінде шешілуі мүмкін.  

Шерзод Хидоятов, Өзбекстан құрылыс министрі:

- Біріншіден, бұл құрылыстар заңсыз жерге салынған. Әкімнің мақұлдауынсыз жүргізілген. Екіншіден, жобалар сәулет кеңесімен қаралмаған және ережеге сәйкестігі тексерілмеген. Ал жерге рұқсат алғандардың сапа лицензиясы жоқ. Мемлекеттік сараптамадан өтпеген.