Қытай микросхема өндірісін дамытпақ
Қытай елдегі микросхема өндірісінде шетелдік жеткізушілердің үлесін қысқартуды жоспарлап отыр.
Енді Чип даярлайтын зауыттар қажетті жабдықтың 50 пайызын отандық өндірушілерден алуы тиіс. Қолға алынған шаралар отандық кәсіпорындарға серпін береді,-дейді сарапшылар. Қытайдың Naura Technology атты ең ірі чип жабдығын өндіруші компаниясы биылдың өзінде 700-ден астам патентке өтінім берген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.