БҰҰ бітімгерлері Ливаннан шығып жатыр
БҰҰ-ның 1800-ден астам бітімгері Ливанның оңтүстігінен шықты. Жақын арада тағы 300-і аймақтан кетуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді. Бұған ұйым бюджетінің қысқаруы себеп. Алайда миссия әзірге толық жабылмайды. Қазір Ливанда 8 мыңға жуық бітімгер қалды. Олар Израильмен арадағы шекарада оқ атпау тәртібінің бұзылмауын бақылауды жалғастырмақ.