Венесуэлада уақытша президент ант қабылдады

Венесуэлада уақытша президент ресми түрде қызметіне кірісті. Делси Родригес Ұлттық ассамблея алдында ант қабылдады. Ресми рәсімді парламент төрағасы Хорхе Родригес өткізді. 

Бұған дейін Делси Родригес Венесуэла вице-президенті және мұнай өнеркәсібі министрлігін басқарған. Ант беру кезінде саясаткер Николас Мадуро мен оның әйелін «АҚШ-та кепілде отырған қаһармандарға» теңеді. Сондай-ақ Венесуэланың егемендігі үшін күресетінін жеткізді. Ал Президент Трамптың айтуына қарағанда, Делси Родригес Вашингтонмен қарым-қатынас орната бастады. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Николас Мадуроға қарсы әскери операцияға дейін онымен жасырын келісім жасау туралы әңгімені жоққа шығарды. «Венесуэлада жақын арада сайлау өтпейді», - деп мәлімдеді.