Индонезияда су тасқынынан 16 адам опат болды
Индонезияның Солтүстік Сулавеси аймағындағы Сиау аралында кенеттен болған тасқын салдарынан 16 адам опат болды. 18 адам жарақат алған.
Төрт тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар лай мен тас басқан үйлер мен жолдарды аршып жатыр. Биліктің хабарлауынша, жүздеген үй мен ғимарат бүлінген. Мамандар өңірде жауын-шашын әлі жалғасуы мүмкін екенін айтады.