Алеппо қаласында қарулы қақтығыс болды
Сирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен қарулы топтар арасында тағы қақтығыс болды. Салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы 16 адам жараланды.
Зардап шеккендердің арасында бейбіт тұрғындар бар. Қарулы топ қаладағы әскерилер орналасқан аудандарды атқылап, азаматтық нысандарға оқ жаудырған. Бұған дейін тараптар аймақтағы кей күштердің Сирия армиясына қосылуы туралы келісімге келген еді. Алайда мәміле толық орындалмай, үкімет жасақтары әскери қимылға көшкен.