АҚШ 66 халықаралық ұйымның мүшелігінен шығады
Әлемде 60-тан аса халықаралық ұйым АҚШ-тың демеу қаржысынан айырылды. Өйткені Құрама Штаттар биыл олардың мүшелігінен шықпақ.
Президент Дональд Трамп осындай құжатқа қол қойды. Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл ұйымдар Құрама Штаттардың ұлттық мүддесін ескермейді. Сондай-ақ жүктелген міндетін толық атқара алмай отыр. Сондықтан БҰҰ-ның 31 құрылымы мен одан тыс 35 ұйымның жұмысын қаржыландыруды тоқтату тапсырылды. Еске салайық, былтыр АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Климат бойынша Париж келісімі және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелегінен шыққан болатын.