Венесуэлада әскери операция кезінде 100 адам қаза тапқан
АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясы кезінде 100-ден аса адам қаза тауып, тағы 100-ге жуық тұрғын жарақат алды.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо хабарлады. Ол сондай-ақ шабуыл кезінде ел президенті Николас Мадуроның аяғы жараланғанын, ал зайыбы Силия Флорестің басына зақым келгенін айтты. Еске сала кетейік, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізді. Бірнеше өңірде жарылыстар болып, азаматтық және әскери нысандар соққыға ұшырады. Қазір Мадуро мен оның әйелі Нью-Йорктегі Бруклин тергеу абақтысында жатыр. Оларға есірткі саудасы және қару сақтау баптары бойынша айыптар тағылған.