Мәскеуде қалың қар жауды

Мәскеуде де қалың қар жауып, көлік қозғалысы тұралады. Қалада бір тәулікте бір айлық норманың жартысына жуығы түсіп, қардың қалыңдығы 45 сантиметрге дейін жетті. 

Бұл – соңғы жарты ғасырдағы рекордтық көрсеткіш. Елдің бірқатар өңірінде қауіптің сары деңгейі жарияланды. Коммуналды қызметтер көшелерді тазалап үлгермей, көлік қозғалысы қиындаған. Қолайсыз ауа райынан 300-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды. Мамандар алдағы аптада аймақта күн күрт суытады деп отыр.