Әлемнің ең кешікпейтін әуе компаниялары
Cirium аналитикалық орталығы кешікпейтін әуе компанияларының рейтингін жариялады.
Былтырғы үздіктер көшін мексикалық Aeromexico бастап тұр. Рейстерінің 90 пайыздан астамы уақытылы жеткен. Екінші орында 86,5 пайыздық көрсеткішпен Саудиялық Saudia компаниясы. Үштікті 86 пайызбен Scandinavian Airlines түйіндеді. Бұл компаниялардың ұшақтары 2025 жылы 15 минуттан артық кешікпеген. Британдық Virgin Atlantic компаниясының уақытылы орындалған бағыттарының үлесі 74 пайыздан 84 пайызға өскен.