Венесуэлада 116 саяси тұтқын босатылды
Бұл туралы ел билігі мен құқық қорғау ұйымдары хабарлады.
Ресми хабарламада шешім елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында қабылданғаны айтылған. Бостандыққа шыққандардың қатарында оппозиция өкілдері, қоғам белсенділері мен журналистер бар. Құқық қорғау ұйымдарының дерегіне сәйкес, Венесуэлада қазір 850-ден астам саяси тұтқын бар. Олардың басым бөлігі Мадуро билігі кезінде ұсталған.