Crew-11 экипажы Жерге оралады
Халықаралық ғарыш станциясындаңы америкалық Crew-11 экипажы мерзімінен бұрын Жерге оралады. Оған ғарышкерлердің бірінің денсаулығы сыр беруі себеп.
Әуе кемесі бүгін Калифорния жағалауына қонуы керек. Сырқаттанған ғарышкердің аты-жөні әлі жария етілмеді. NASA мәліметіне сүйенсек, оның жағдайы тұрақты. Экипаж халықаралық ғарыш станциясына былтыр тамыз айында аттанған. Ақпан айының ортасында олардың орнын Crew-12 миссиясы алмастырады. Fox News арнасының хабарлауынша, бұл – станция тарихында денсаулық мәселесіне байланысты миссияның уақытынан бұрын тоқтатылған алғашқы оқиға