Оңтүстік Кореяның экс-президенті сотталды

Оңтүстік Кореяның экс--президенті тергеушілердің әрекетіне кедергі келтірді деген айыппен 5 жылға сотталды. 2024 жылдың желтоқсан айында Юн Сок Ёль елдегі саяси дағдарысқа байланысты әскери жағдай енгізген еді.

Алайда парламент бұл шешімді бекітуден бас тартты. Көп ұзамай депутаттар президентке импичмент жариялады. Сотта ресми құжаттарды қолдан жасау және заңды рәсімдерді бұзу деректері дәлелденді. Жалпы Юн Сок Ёльға сегіз қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Қазір осылардың біреуі бойынша ғана үкім шығарылды. Бұған дейін арнайы прокурор оны бүлік шығарды деген айып бойынша өлім жазасына кесуді талап еткен еді.