Камчаткада қалың қардан 2 адам көз жұмды

Камчаткада қалың қар салдарынан 2 адам опат болды. Петропавловск-Камчатка қаласында төтенше жағдай жарияланды.

«Рейтер» агенттігі бұл кейінгі 30 жылдағы ең ірі табиғи апат деп бағалаған. Шаһардағы ақ ұлпаның қалыңдығы 4 метрге жетеді. Жолдарда қозғалыс қиындап, көптеген тұрғындар үйінен шыға алмай қалды. Мектептер жабылып, қоғамдық көлік тоқтаған. Тұрғындарға алыс сапарға шықпауға және төтенше жағдай қызметінің хат-хабарын тұрақты бақылап отыруға кеңес берілді. Айта кетейік, Камчаткада күн осы апта басынан бері бұзылып тұр.