Гренландия мен Данияда наразылық шеруі өтті
Гренландия мен Данияда Трамптың аралды басып алу жоспарына қарсы ауқымды шеру өтті. 20 мыңнан аса адам көшеге шығып, наразылық танытты.
Бұған дейін Трамп аралды Құрама штаттардың ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды деп айтқан еді. Ақ үй басшысы Гренландияға қол жеткізу үшін оны басып алудан да тайынбайтынын жасырмады. Үкіметтік емес ұйымдар бастаған наразылық шеруінде халық АҚШ президентінің бұл айтқанын сынға алды. Акцияға қатысушылар аралдың бөлінуі тұрмақ сатылуына түбегейлі қарсы екендерін жеткізді.