Жапония қалың қар құрсауында қалды

Жапония қалың қар құрсауында қалды. Күн райының қолайсыздығы елдің солтүстік-батысында көлік қозғалысын шектеді.

Боран мен күшті жел салдарынан 100-ге жуық әуе рейсі тоқтатылып, 6 мың жолаушының жоспарына кедергі келтірді. Сондай-ақ теміржол қатынасы да бұзылды. Мамандар алдағы уақытта жағдайдың одан әрі ушығатынын айтады. Синоптиктер апта соңына дейін батыс жағалау аймағында қалың қар жауады деп болжап отыр. Билік өкілдері азаматтарды аса қажеттілік болмаса, сапарларын кейінге қалдыруға шақырады.