АҚШ Еуропа елдеріне баж салығын енгізбейді
АҚШ Гренландияға қатысты келіссөздер аясында Еуропа елдеріне тариф енгізуден бас тартты.
Бұл туралы Дональд Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен нәтижелі кездесуден кейін мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, бірінші ақпаннан бастап күшіне енуі тиіс болған тарифтер енгізілмейді. Келіссөздерді АҚШ атынан вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және арнайы өкіл Стив Уиткофф жүргізеді. Сондай-ақ Трамптың сөзінше, Гренландияға қатысты «Алтын күмбез» жобасы жөніндегі қосымша талқылаулар да жалғасып жатыр.