Урсула фон дер Ляйенге қарсы сенімсіздік вотумы өтпеді

Еуропарламент төрағасы Урсула фон дер Ляйенге қарсы сенімсіздік вотумы кезекті рет қабылданбады.

Заң шығарушы органның 390 депутаты оңшыл популистердің бастамасына қарсы шығып, тек 165-ы қолдау білдірді. Тағы 10 адам қалыс қалды. Бұл Еуропарламент төрағасына қарсы төртінші мәрте сәтсіз аяқталған сенімсіздік вотумы. Кейінгісіне Еуроодақ пен МЕРКОСУР елдері арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім себеп. "Еуропа үшін патриоттар" тобы Еурокомиссия басшысын еуропалық шаруалардың мүдделерін елемеді деп айыптайды. Ал Оңтүстік Америка елдерімен одақты қолдайтындар бұл келісімді Еуроодақ экономикасы үшін маңызды деп санайды. Құжатқа 17 қаңтарда қол қойылғанымен тараптар әлі оны бекіткен жоқ.