Д. Трамп АҚШ Үкіметін қайта қаржыландырады

Дональд Трамп бюджет қаражатын бөлу туралы заңға қол қойды.

Бұл заң уақытша жұмысын тоқтатқан АҚШ Үкіметінің жұмысын қайта жандандырып, заң шығарушыларға иммиграциялық заңнаманы қатаңдату жөніндегі шараларды талқылауға уақыт береді. Аталған заңнама қорғаныс, денсаулық сақтау, еңбек, білім беру, тұрғын үй және басқа да салаларды қаржыландыруды қалпына келтіреді. Бұл ведомстволардың қаржыландыру мерзімі өткен аптада аяқталған еді. Өйткені Конгресс тиісті шара қабылдамаған. Алайда бұл тоқтау әзірге елеулі іркілістер әкелген жоқ. Дегенмен 43 күнге созылған шатдауннан АҚШ экономикасына 11 млрд доллар көлемінде шығын келген болатын.