АҚШ Иран дронын атып түсірді
АҚШ пен Иран арасындағы текетірес ушығып барады. Ормуз шығанағында АҚШ танкеріне жақын келген Иранның Shahed-139 дронын F-35 жойғыш ұшағы атып түсірді.
АҚШ Орталық қолбасшылығы дронның «агрессивті түрде» жақындағанын, бағыты түсініксіз болғанын және халықаралық суларда америкалық күштердің шиеленісті бәсеңдету шараларына қарамастан ұшуын жалғастырғанын мәлімдеді. Ұшқышсыз аппарат Иранның оңтүстік жағалауынан шамамен 800 шақырым қашықтықта болған. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер қарсаңында болып отыр. Ол осы аптаға жоспарланған.