АҚШ пен Иран келіссөздері Оманда өтеді

АҚШ пен Иран келіссөздері жұма күні Оманда өтетін болды. Бұған дейін елдер арасындағы шиеленістің артуына байланысты дипломатиялық кездесу Ыстамбұлда өтеді деп жоспарланған еді.

Кейін Иран тарапының өтініші бойынша келіссөздер орны өзгерді. 6 ақпан күні Оманда Иранның ядролық және зымыран бағдарламасы талқыланады. Делегациялар құрамында Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен кеңесші Джаред Кушнер және Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи болады. Қатар мен Мысырдың қолдауымен, Түркияның арағайындығымен өтетін келіссөздерге Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Оман өкілдері де қосылуы мүмкін.