Жапонияда қарлы бораннан көз жұмғандар саны 45-ке жетті

Жапонияда қарлы бораннан қаза тапқандар саны 45-ке жетті.

Тағы 500-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Әсіресе Ниигата және Аомори префектуралары қатты зардап шеккен. Аймақтарға сарбаздар мен мыңдаған техника жіберілді. Көптеген ауданда мектептер жабылып, ішінара қоғамдық көлік тоқтады. Синоптиктер қарлы боран мен аяз бірнеше күн жалғасады деп отыр. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.