Чехияда балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қойылмақ
Чехия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қояды.
Бастаманы елдің премьер-министрі ресми түрде қолдап, әлеуметтік платформалар жасөспірімдердің психикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты үкімет сарапшылармен кеңесіп, тиісті заң жобасын әзірлеуге кіріспек. Чехия бұл орайда Францияның тәжірибесін негізге алғалы отыр. Онда осындай ұсынысқа билік қолдау білдірген. Ақпан айының басында Испания билігі де балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу жоспары барын мәлімдеді.