И. Маск ай бетінде қала тұрғызады

Илон Маск әуелі Айға барып қала салады, Марсқа содан кейін кіріседі. «Марс – SpaceX-тің стратегиялық нысанасы. Ал Ай соған жету жолындағы уақытша мақсат».

Сарапшылар Илон Масктің кешегі мәлімдемесін қызу талқылап жатыр. SpaceX басшысы биыл Марсқа ұшамыз деген жоспарын келесі жылға шегерді. Ай Жерге жақын болғанымен, онда ауа жоқ және температурасы өте құбылмалы. Күндіз плюс 100, түнде минус 150 градус. Сондай-ақ Айдағы шаң-тозаңның қаупі аса жоғары. Ең қатерлісі – тартылыс күші өте әлсіз. Бұл адамдардың ұзақ тұруына үлкен кедергі. Ал қызыл ғаламшарда көмірқышқыл газынан тұратын сәл-пәл ауа қабаты бар. Марстың климаты Антарктидаға ұқсас. Минус 65 градусқа дейін суық. Сонымен қатар Марста қолжетімді мұздықтар бар. Айда олар терең кратерлерде. Марстағы тәулік жердікімен бірдей – 24 сағат 39 минут. Бірақ Жерден Айға 3 күнде ұшып жетуге болады. Ал Марсқа 9 ай қажет. Маск осы себепті бірінші Айға барып қала салмақ. Бірақ біздің түпкі мақсатымыз Марс дейді.