АҚШ пен Қытай сауда келісімін ұзартады

АҚШ пен Қытай сауда келісімін тағы бір жылға дейін ұзартуға ниетті.

Бұл туралы «Саус Чайна Морнинг Пост» ((South China Morning Post)) газеті хабарлады. Қос елдің президенті бұл шешімді сәуір айында Дональд Трамптың Бейжіңге сапары барысында жария етуі мүмкін, дейді сарапшылар. Тараптар тариф соғысынан кейін былтыр қазан айында сауда келісімін жасасқан еді. Пусандағы кездесу нәтижесінде Құрама Штаттар Қытай тауарларына енгізілген тарифтерді 10% -ға төмендеткен еді. Келісім мерзімін ұзарту мемлекеттерге қысқа мерзімді экономикалық пайдаға назар аударуға мүмкіндік бермек. Қазір Бейжің АҚШ-тан соя бұршағын сатып алу көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отыр.