Д. Трамп: АҚШ пен Иран 1 айда келісімге келеді
АҚШ-Иран келіссөздері келесі айда аяқталады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп журналистермен кездесуінде осылай деді.
Оның пікірінше, екі жақты үдеріс ұзаққа созылмауы тиіс. Сондай-ақ Америка көшбасшысы мәмілеге келмеген жағдайда Тегеран үшін салдары өте ауыр болатынын ескертті. Иран мен АҚШ арасындағы ядролық бағдарлама бойынша соңғы келіссөздер 6 ақпанда Оманда өткен болатын. Бірақ екі мемлекет әлі тіл табыса алмай отыр. The Wall Street Journal Пентагон екінші үлкен әскери кемені Таяу Шығысқа аттандыруға дайындап жатыр. Армадаға жүктелген міндет – Иранға соққы беру екенін мәлімдеді.