Space Х орбитаға 24 жерсерік ұшырды
Space X компаниясы орбитаға Starlink жүйесінің тағы 24 жерсерігін жеткізді. Олар «Фэлкон 9» зымырантасығышы арқылы Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштері базасынан ұшырылды.
Кейін оның бірінші сатысы мұхиттағы арнайы платформаға қайта қонды. Қазір орбитада Старлинктің 9,5 мыңға жуық жерсерігі жұмыс істейді. Жоба әлемнің кез келген нүктесін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды мақсат етеді. Оны 10 млн-нан астам пайдаланушы қолданады.