Перуде заңсыз алтын өндірісі тыйылмай тұр
Амазон ормандарында заңсыз алтын өндірісі қауіп болып барады.
Associated Press мәліметтеріне сүйенсек, бағалы металл қымбаттаған сайын, алтын іздеушілер де, оны өндірушліер де көбейген. Соның салдарынан бұрын ит тұмсығы өтпейтін ормандар селдіреп барады. Өзендерді сынаппен ластанған. Перу билігі біраз әрекет қылып, жалпы құны 16 млн доллар құрал-жабдықтар тәркілеген. Алайда экологтар бұл шараларды жеткіліксіз деп санайды және заңсыз әрекеттер экожүйеге орасан зор залал келтіріп жатқанын айтады.