Қытайда сұрыптау ісіне жи қолданылады

Қытайлар дәнді дақылдарды сұрыптауға жасанды интеллектіні қолдана бастады. 

Ғалымдар оның мүмкіндігін пайдаланып күріштің жаңа түрін шығармақшы. Жасанды зерде екі түрлі мезгілде гүлдейтін күріштің тозаңдану уақыт айырмашылығын дәл табуға көмектеседі. Осыған дейін бұл процесті 40-50 адам бақыласа да маңызды кезеңге дөп түсу қиын еді. Енді дихандар бұған бас қатырмайды. Қазір инженерлер будандастыруға қолайлы мезгілді анықтау үшін батпақ пен суда еркін жүретін роботты оқытып жатыр. Алғашқы сынақ басталды. Айта кету керек, жаңа техника зиянкестер мен өсімдік ауруларын да ажырата алады.