АҚШ-та мигранттардың елдеріне оралуы көбейді
АҚШ-та кері миграциялық жағдай тіркелді. Елге келген иммигранттарға қарағанда кеткен азаматтар саны артқан.
Бұл туралы The Wall Street Journal мен Брукингс Институтының сарапшылары мәлімдеді. Дерекке қарағанда олардың қарасы 150 мыңға көбейген. Бұл АҚШ-та 1930 жылдардағы Ұлы тоқыраудан кейін болмаған жағдай. Қоныс аударуға қымбатшылық пен президент Трамптың қатаң көші-қон саясаты себеп, - дейді мамандар. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің деректеріне сәйкес, былтыр мемлекеттен 675 мың мигрант депортацияланып, тағы 2 млн-нан астамы өз еркімен кетіпті. Америкалықтар арасында Еуропа мен Азияда тұрақты тұруға рұқсат алып, жылжымайтын мүлік сатып алу жиілеген.