Польша балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салуы мүмкін
Польша билігі 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды қарастырып жатыр.
Бұл туралы елдің ұлттық білім беру министрі Барбара Новацкая мәлімдеді. Сөзінше, әлеуметтік желіге телмірген жастардың ақыл-ой қабілеттері төмендеп барады. Заң жобасы жеткіншектердің жасын тексеретін арнайы платформаларды іске қоспақ. Ережені бұзған компанияларға айыппұл салынады. Оның мөлшері әлі анықталған жоқ. Министр жаңа Заң келесі жылдың басында күшіне енуі мүмкін екенін атап өтті.