БАӘ әуе кеңістігін жапты. Тікелей эфир

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әуе базаларына таяу арада қарсы соққы беруі мүмкін.

Шығанақтағы Ормуз бұғазы арқылы өтетін халықаралық мұнай тасымалына қазір қатер төніп тұр. Тегеранның аймақтағы прокси күштері әскери іс-қимылды жандандыра ма деген алаңдаушылық та басым. АҚШ пен Израиль әрекетінен соң Парсы елі жойқын жауап беретінін ескертті. Ал араб мемлекеттері дипломатиялық арналарды толық іске қосты. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Қатар және Мысыр тараптарды сабырға шақырып, бітімге үндеп отыр.

Шығанақ елдерінің Иранға қарсы әскери операцияға  көзқарастары қандай? Ахуал қаншалықты қауіпті?

Рауан Мыңбай, тілші