СІМ: Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ

Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір Иран аумағында 96 отандасымыз бар. Олардың 18-і дипломатиялық өкілдіктердің қызметкері, 2-і студент, ал 70 қазақстандық сондағы зауытта еңбек етеді. Сонымен қатар алты адам Иранда жеке сапармен жүр. Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.