Иран Таяу Шығыс елдерін атқылап жатыр
Иранның қарымта жауап ретінде жасалған шабуылдарынан Дубайдың халықаралық әуежайы мен әйгілі Бурдж-әл-Араб қонақ үйі зақымдалды.
Ислам республикасы түні бойы Таяу Шығыс елдерін атқылады. Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери күштері зымырандар мен дрондардың толқынына тойтарыс бергені туралы хабарлады. Палм-Джумейра аралында орналасқан қонақүйдегі жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам зардап шекті.
Қатар астанасы Доха қаласында да бірқатар зымыранның дыбысы естілді. Нысанаға Әл-у-Дейд ірі америкалық базасы ілікті. Сондай-ақ Иран Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің базасын да зымыранмен атқылады. Елдің ішкі істер министрі Бахрейн астанасы Манамадағы тұрғын үйлерге соққылар жасалғаны жөнінде хабарлады. Ал Кувейтте дрондар халықаралық әуежайға шабуылдады. Салдарынан бірнеше қызметкер жарақат алды.