Иран Израиль мен АҚШ базаларын атқылады
Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль мен АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасағанын хабарлады.
Деректерге сәйкес, ирандық зымырандар Израильдің Қорғаныс армиясы Бас штабының ғимараты, Тель-Ноф әуе базалары және Тель-Авивтегі қорғаныс өнеркәсібінің нысанына дейін жеткен. Сонымен қатар Иран Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың 27 әскери базасын атқылағанын жеткізді. Израильде шабуыл салдарынан бір адамның қаза болғаны расталды, 120-дан астам азамат жарақат алды. Ал америкалық әскери қызметкерлер арасында опат болғандар жайлы мәлімет жоқ. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейдің өлімінен соң Израиль мен АҚШ-қа қарсы ауқымды арнайы операцияны бастайтынын ескерткен еді.