«Жебел Әли» портына зымыран қалдықтары құлады
Дубайдың «Жебел Әли» портына зымыран бөлшектері құлады. Бұл деректі елдің Қорғаныс министрлігі растады.
Артынша портта от тұтанып, төңіректі қою түтін басқан. Қазір аумақта құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Порт жұмысы уақытша тоқтатылды. «Жебел Әли» – Таяу Шығыстағы ең ірі теңіз айлақтарының бірі. Дубай әмірлігіне тиесілі. Халықаралық жүк тасымалының маңызды хабы саналады және әлемдегі ең көп контейнерлі порттар қатарына кіреді.