Таяу Шығыс елдерінен отандастарымызды эвакуациялау басталады

Ертең Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған отандастарымызды эвакуациялау басталады. Бұл туралы жедел штаб отырысында мәлім болды.

Көлік министрлігі азаматтарды елге жеткізуге дайын. Ертең, яғни 2 наурыз күні қақтығыс аймағынан 13 рейс орындалады. Әуе компаниялары аталған елдердің әуе кеңістігі ашылған жағдайда ұшақтар ұсынатынын жеткізді. Барлық іс-қимыл Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жүзеге асады.