Иран Нетаньяхудың кеңсесін атқылады

Иран, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың резиденциясын зымыранмен атқылады. Бұл туралы Ислам төңкерісі сақшылар корпусы мәлімдеді.

Олардың хабарлауынша, орта қашықтықтағы «Хай-бар» баллистикалық снарядтары қолданылған. Израиль шабуылдың болғанын растады, бірақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі төнген қауіпті тойтара білді деп жазды. Құдыстағы төтенше қызмет органдары мен ақпарат құралдары, басқа жарылыстар болмағанын мәлімдеді.