Израиль Газамен арадағы шекараны жапты
Израиль Газа секторымен арадағы барлық шекара бекеттерін жапты. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлаған.
Күн сайын өмірлік маңызы бар жүк өтіп жатқан бекеттердің жұмысы белгісіз мерзімге тоқтады. Палестиналықтарға гуманитарлық көмекті таратумен айналысатын ұйым «КОГАТ» өкілдерінің мәлімдеуінше, анклав аумағында азық-түлік қоры жеткілікті. Ал World Central Kitchen қайырымдылық ұйымының басшылары Газа секторындағы ресурстар шектеулі деп отыр.