Нетаньяху: Ирандағы операцияны созбаймыз

"Ирандағы әскери операция көпке созылмайды."

Израиль премьер-министрі осылай деп мәлімдеді. "Фокс ньюс" ((Fox News)) телеарнасына берген сұхбатында Биньямин Нетаньяху Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты басталған операция адамзатқа төнген қауіпті жоюды мақсат тұтады деді. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп "Тру Соушл"-дағы парақшасында "АҚШ-та есепсіз қару-жарақ қоры бар, әскери операцияларды қанша қажет болса, сонша ұзақ әрі табысты түрде жүргізе аламыз" деп жазды.