Иран БҰҰ-ны қақтығысты реттеуге шақырды
Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты тоқтату үшін халықаралық деңгейде шешім қабылдануы керек. Бұл міндетті Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі атқаруға тиіс.
Иранның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, осындай талап қойды. Бұл туралы «Фарс» агенттігі хабарлады. Өйткені Қауіпсіздік кеңесі тиісті шешімдер қабылдауға құзыры бар мекеме. Ресми Тегеран халықаралық қауымдастықты жағдайдың одан әрі ушығуына және басқа елдердің аумағында қақтығыстың таралуына жол бермеуге шақырды. АҚШ билігі ресми мәлімдемеге қатысты әзірге жауап қатқан жоқ.