Газ танкерлерін жалдау құны үш есе қымбаттады
Атлант мұхиты аймағы бойынша сұйытылған табиғи газ тасуға арналған танкерлерді жалдау ақысы үш есе қымбаттады. Бұл туралы «Блумберг» хабарлаған.
Кемені жалға алу құны қазір күніне 200 мың долларға жетті. Бұған дейін 62 мың доллардан аспайтын. Жалдау құнының бірден шарықтап кетуіне Қатардағы сұйытылған табиғи газ өндірісінің тоқтауы себеп.