Оманнан 500-ден астам отандасымыз көшіріледі
Оманнан Қазақстанға тағы 500-ден астам отандасымыз эвакуацияланады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Жалпы қақтығыс аумағынан 946 қазақстандық шығарылған. Кейінгі ақпарат бойынша, қазір Иранда 47, Израильде 163, Қатарда 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан астам және Сауд Арабиясында 1800-ге жуық отандасымыз бар. Сыртқы істер министрлігі олармен тұрақты байланыс орнатқанын хабарлады.
Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қазақстандық дипломаттар, Орталық аппаратта да өңір елдерінде де тәулік бойы жұмыс істеуде. Отандастарға қажетті көмекті ұйымдастыру жөніндегі барлық жұмысты жедел үйлестіретін арнайы штаб құрылды. Азаматтардан эвакуациялау үдерісін ұйымдастырудың күрделілігіне түсіністікпен қарап, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуді сұраймыз.