Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
Таяу Шығыстағы шиеленіс теңіз тасымалына да әсер етті.
Financial Times басылымының дерегі бойынша Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді сақтандыру құны күрт қымбаттады. Бұрын тариф кеме құнының 0,25 пайызына тең болса, қазір 12 есе өсіп, 3 пайыз деп белгіленіп отыр. АҚШ пен Израильдің шабуылынан соң, Тегеран Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын шектеп тастады. Қазір Парсы шығанағында ондаған мұнай мен газ танкері қаңтарылып тұр. Ал өткелге кіруге әрекет қылған 10-нан аса су көлігі Ислам революциясы сақшылар корпусының шабуылына ұшырады. Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық мұнай нарығына да әсер етті. Қара алтын бағасы барреліне 83 долларға дейін көтерілді.