NATO Иранға ескерту жасады

Иран төңірегіндегі ахуал күрделене түссе, НАТО ұжымдық қорғаныс жүйесін қолданады. 

Бұл туралы Солтүстік трансатлантикалық альянс басшысының Newsmax телеарнасына берген сұхбатында айтылды. Марк Рюттенің сөзіне қарағанда ұйым келісімінің 5-бабына сай, альянсқа мүше бір елге шабуыл жасалса, қалғандары әскери көмекке келеді. НАТО басшысы: «Таяу Шығыстағы соғысқа қатысып жатқанымыз жоқ», - деп мәлімдеді.

Еске салайық, альянстың әуе күштері Түркияға бағытталған баллистикалық зымыранды дарытпай, қағып түсірді. Анкара оны Иран атты деп санайды. Алайда Тегеран мұны жоққа шығарды. Ислам Республикасының билігі көрші елдің егемендігін құрметтейтінін жеткізді