WSJ: БАӘ Иран активтерін бұғаттамақ
Біріккен Араб Әмірліктері Иран активтерін бұғаттамақ. Бұл туралы Wall Street Journal басылымы жазды.
Егер Абу-Даби бұлай істесе, Тегеран шетелдік валюта мен халықаралық сауда жүйесінен қол үзуі ықтимал. Кейінгі дерек бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің шешімі туралы Ислам Республикасына ескертілген. Ал Иран соғыс бүгін-ертең бітпейді деп отыр. Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі генерал Әли Мохаммад Наинидің айтуына қарағанда Тегеран жаудың бетін қайтармайынша күресті тоқтатпайды. Ол АҚШ пен Израильге қарсы жаңа әскери операцияға дайындалып жатқанын мәлімдеді.