Ресей мен Украина тағы тұтқын алмасты

Ресей мен Украина тұтқын алмасты, әрқайсы 200 сарбазды еліне қайтарды. Алмасу үдерісіне АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктері арағайындық еткен болатын.

Сол кезде Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский тараптардың 5-6 наурыз күндері тұтқындарды «500-ге 500» формуласы бойынша алмасуға келіскенін хабарлаған. Бұл шарт Женевада өткен келіссөздер барысында жасалды. Осылайша, қос ел алдағы күндері тағы 300 жауынгерді қайтаруға тиіс.