АҚШ-тың Өкілдер палатасы Трампты қолдады

АҚШ-та Сенаттан кейін іле-шала Өкілдер палатасы Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери операциясын құптады.

Осылайша, конгрессмендер Ақ үй басшысына заң шығарушылардың рұқсатынсыз Ислам Республикасына қарсы соғыс қимылдарын жүргізуге тыйым салатын қарарға тосқауыл қойды. Құжатты 212 конгрессмен қолдады. Ал 219 адам қарсы дауыс берді. Айта кетерлігі, қарарды бір күн бұрын Сенат та қабылдамай тастаған еді.  Демократтар мен республикашылдар әскери операцияға қатысты қарама-қайшы пікірде. Демократтардың басым бөлігі Иранға қарсы соққыларды сынап жатса, ал республикашылар Трампты жақтап отыр.