Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. 

Трамп ресми мәлімдемесінде Путинмен әңгіме барысында көптеген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, президенттер Таяу Шығыстағы ахуалды және Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылаған. Ресей президентінің көмекшісі Ушаковтың сөзінше, телефон арқылы болған әңгіме ашық әрі конструктивті жағдайда өткен.